Айбек Қалиев "Алтын домбыра" иегері атанды
Астанада республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Отан" орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Екі күнге созылған жылдың қорытынды айтысында бас жүлдені иеленіп, "Алтын домбыраның" иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер табысталды.
Бірінші орынды Бексұлтан Орынбасар, екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Сонымен қатар финалда ерекше шеберлік танытқан ақындарға арнайы жүлделер берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғалімнің алқымынан алған
Келесі жаңалық
Ертең бірқатар өңірде боран, көктайғақ пен тұман күтіледі
Өзгелердің жаңалығы