Айбек Оралбай Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Қазақстандық Айбек Оралбай бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының спортшысы Ремула Абудурекситиден 5:0 есебімен басым түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы