Айбек Оралбай Астанадағы Әлем кубогын жеңіспен бастады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/8 финалда Доминикан Республикасынан келген Хосе Агустин Трисетпен кездесті.

Айта кетерлігі, Оралбай бірінші раундта жарақат алса да, жекпе-жекті тоқтатпай, екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, мықтылығын дәлелдеді. Қорытындысында төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Айбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.

Бұған дейін турнирде Надежда Рябец (75 келіге дейін) кем дегенде қола медальді қамтамасыз етсе, Серік Теміржанов (60 келіге дейін) де ширек финалға шыққан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы