Айбек Досымбетов: Референдум елдің тарихи дамуына серпін береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana IT University-де Экологиялық белсенділер мен конституциялық реформаларды түсіндіру және қолдау жөніндегі қалалық еріктілер штабының кездесуі өтті.

Республикалық волонтерлер фронт-офисі жобасының үйлестірушісі Айбек Досымбетов жастарға референдумды өткізудің мәнін түсіндірді.

Ата заңға референдум арқылы өзгерістер енгізу бастамасы көтерілді. Басты мақсат – халықтың тікелей қатысуымен Ата заңды бекіту. 

Қазақстан жерінің, жер байлықтарының иесі халық деп танылуы қуантатын жағдай. Әрине бұған дейін ол мемлекет меншігінде болды. Осыған орай Президент «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» құру бастамаларын ортаға салып жатыр. Ата-бабамыздан мұра болып қалған жерді өзімізден кейінгі ұрпаққа сақтап, аманат етіп қалдыру - біздің азаматтық борышымыз, - деді ол.

Айбек Досымбетов белсенділерді осыны тереңірек түсінуге шақырды.

Референдум – елдің тарихи дамуына серпін беретін ұсыныс. Сол себепті оны неге қолдамасқа?! Жалпы кез келген адамның өмір сүру ережесі бар. Сол ережені сақтамасақ, оның өмірі бұзылады. Сол сияқты мемлекеттің өмір сүруін қадағалайтын Ата заңды заман талабына сәйкес өзгертіп, нақты шешімін қабылдап алсақ, алдағы уақытта еліміздің болашағы жарқын, айқын болады, - дейді Республикалық волонтерлер фронт-офисі жобасының үйлестірушісі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы