Бүгiн 2026, 12:46 Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Айбек Дәдебай: «Әділет» партиясының ерекшелігін айтуға әлі ерте

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай жаңа саяси ұйымның AMANAT партиясынан қандай ерекшелігі болатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде AMANAT партиясының жұмысына баға беру немесе екі партияны салыстыру орынсыз.

Бұл жерде AMANAT партиясы жөнінде артық сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. AMANAT өз жұмысы барысында халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу үшін барынша еңбек етті. Партияның қаншалықты ауқымды жұмыс атқарғанын өздеріңіз де білесіздер. Егер нақты қандай іс-шаралар жүзеге асырылғанын зерттесеңіздер, оған көз жеткізесіздер, – деді Дәдебай.

Сондай-ақ ол әзірге «AMANAT дұрыс істеді немесе дұрыс істемеді» деп баға бермейтінін айтты.

Қазір біздің ерекшелігіміз мынадай болады деп айту да сәл ертерек болар, – деп түйіндеді партия төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін елордада «Әділет» партиясының ІI съезі өтіп жатқаны туралы жаздық.