Айбат Мырзамұратов Ислам ойындарының финалында жүлде үшін сынға түседі
Эр-Риядта Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында жүзу сайыстары өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар кезекті кезеңдерден сәтті өтіп, финалдық раундтарға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
200 метр қашықтықтағы кешенді жүзуде Айбат Мырзамуратов екінші болып келіп, финалға жолдама иеленді.
100 метр шалқалап жүзу дисциплинасында екі қазақстандық — Глеб Коваленя мен Максим Сказобцов — іріктеуден сенімді түрде өтіп, жартылай финалға шықты.
Жарыстар жалғасып жатыр. Қазақстандық жүзушілер Ислам ойындарында жүлде алу мүмкіндігін сақтап келеді.
Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы таныстыруда.
Сауд Арабиясы бұл ірі спорттық шараны алтыншы рет өткізіп отыр. Бұған дейін ойындар Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017), Коньяда (2021) ұйымдастырылған. 2009 жылы жарыстар Иранның Тегеран қаласында өтуі тиіс еді, алайда кейіннен тоқтатылған.