"Айбалта-2019" жаттығуында бірегей госпиталь құрылды – полковник Тимур Ошақбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көктал әскери полигонында өтіп жатқан «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуына далалық жағдайға қажетті мобильді әскери госпиталь құрылды. Бұл туралы Бас әскери медициналық басқарманың басшысы, медициналық қызмет бойынша полковник Тимур Ошақбаев жаттығу барысында айтты.
Оның айтуынша, жаттығу барысында әскерилерді медициналық көмекпен қамтамасыз ететін бірегей госпиталь құрылған.«Бүгінгі жаттығуға далалық жағдайға қажетті мобилді әскери госпиталь мен лазареттер құрылды. Бұл әскери қақтығыстар мен табиғи апатты жағдайларға арнайыландырылған медициналық көмек. Госпиталь жаттығу алаңына келісімен төрт сағат ішінде алғашқы жәрдем беруге әзір болады. Мұнда медициналық көмек көрсету үшін бар жағдай жасалған. Бірегей госпиталь десек те болады. Құрамалы шатырлар жылдам тігіледі әрі қыс кезінде жылумен, жазда желдеткішпен қамтамасыз ете алады», - дейді ол.
Сонымен қатар ол, дәрігерлердің ештеңеге алаңдамай бір мезетте 60 адамға стационаралық көмек көрсетуіне бар жағдай жасалғанын айтты.
«Госпиталь тәулігіне 300-ге жуық науқасқа көмек көрсетуге қауқарлы. Мұнда диагностика, сәулелі диагностика, хирургиялық операция бөлімдері бар, оған қоса күрделі операциялар жасалады. Күніне 50 жуық сараптама жасалынады, 150-дей ренгендік диагностика жүргізіледі», - деді полковник.
Бұған дейін Алматы облысындағы Көктал әскери полигонында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуы өтіп жатқанын хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әзірбайжандағы турнирде боксшыларымыз 5 медаль алды
Өзгелердің жаңалығы