Аяжан Еділованың сүйегі жер қойнына тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 сәуірде Аяжан Еділова жерленді. Бұл туралы «НеМолчиkz» қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін, 16 сәуір Аяжан Еділованы жерледі. Көңілді, ақжарқын, мақсатты, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды. Туыстары Аяжан денесінің қалдықтарын мырыш табытқа салынған күйі қабылдады. Орны толмас қаза, иманды болсын, - деп жазды «НеМолчиkz» қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Естеріңізге салайық, 20 наурызда қыздың жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болды. Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі, 43 мекен жайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген.

22 наурызда жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың денесі табылды. Алматы полициясы күдіктіні ұстады.

Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

26 наурызда қылмыстық іс тергеу үшін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметіне жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы