Аяжан Еділованы өлтірген адамды маньяк деуге негіз жоқ – Алматы ПД

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы ПД басшысының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Рустам Хамидов 19 жастағы қыздың денесін бөлшектеп тастаған күдіктінің жеке тұлғасы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Рустам Хамидов 19 жастағы Аяжан Еділова өлтіріп, кейін оның мүрдесінен құтылу үшін денесін бөлшектеп тастаған 1993 жылы туған азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмағанын айтты.

Қазір сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан күдіктіні маньяк деп атауға негіз жоқ. Тергеу амалдары аяқталған соң ғана оған қатысты қандай да бір анықтама бере аламыз, - дейді ол.

Полиция өкілдерінің айтуынша, қыз бен күдікті 16 наурыз күні әлеуметтік желі арқылы танысқан. 19 наурыз күні олар кездесіп, араларында ұрыс болып, күдікті алдымен қызды өлтіріп, кейін оның денесінен құтылуға әрекет еткен. 

Еске салсақ, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі, 43 мекен жайы бойынша жұмыстан шығып кеткеннен үйіне оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген. 22 наурыз күні полиция қыздың өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы