Аяздың салдарынан Оралда бастауыш сыныптарға сабақ тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатты аязға байланысты Орал қаласында 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Таңғы сағат 07.00- де температура тілі 26,9 градусты көрсетті. Осыған байланысты бірінші ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Бастауыш сынып оқушылары бүгін түске дейін қашықтан білім алады. 

Биыл желтоқсан айында осымен Оралда екінші рет аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы