Аяздың беті қайтар емес: Алдағы күндері Астанада ауа райы қандай болады?
Әзірше салқын және желді ауа райы сақталады.
Астанада наурыздың алғашқы күндері салқын және желді ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елордада ауа температурасы күндіз нөл градус шамасында болады, ал түнде −10 °C-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Болжам бойынша, 4 наурызда күндіз шамамен −2 °C, түнде −10 °C-қа дейін суық болады деп күтілуде.
5 наурыз, бейсенбіде температура −1 °C-қа дейін көтеріледі, түнде −5 °C шамасында болып, жауын-шашын болуы мүмкін.
6 наурызда күндіз −2 °C, түнде −6 °C-қа дейін жетеді деп болжануда, бұлтты ауа райы сақталады.
7 наурызда күн сәл жылынады. Күндіз температура 0 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін, бірақ жылбысқы қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде термометр бағаналары −5 °C-қа дейін төмендейді.
8 наурызға қарай елордада күндіз қайтадан −2 °C, түнде −5 °C шамасында болады және күн құбылмалы бұлтты болады деп болжануда.
Синоптиктер сондай-ақ екпінді жел болатынын ескертеді. Оның жылдамдығы 3–6 м/с құрайды, ал екпіні 10–12 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін метеорологтар наурызда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.