Аязда суға шомылу шынықпаған адам үшін қауіпті - дәрігер

Аязда өзенге шомылу рәсімінен өту көптеген адамдар үшін дәстүрлі және діни сенімге ие. Қоғамдағы заманауи өзгерістерге қарамастан, көптеген адамдар бұл дәстүрді ағзаны тазарту мен жаңартудың символы ретінде ұстанады. Бүгінгі күні бұл оқиғаның өзектілігі әр адамның мәдени және діни сенімдеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Аязда өзенге шомылу рәсімі исламдағы дәстүрлі рәсім болмаса да, қазіргі қоғамда адамдар қандай дәстүрлерді ұстанғысы келетінін еркін таңдай алады және жылдан жылға қазақстандықтар шомылуға көбірек қатысып жүр.

Бұл рәсімнің адам өміріне пайдасы мен зияны туралы ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Бюрабекова Людмила айтып берді.

– Соңғы жылдары аязды күні өзенге шомылатындар қатары біздің елімізде де көбейіп барады. Бұл рәсімнің қандай қауіпті тұстары бар?

Медициналық қауымдастық аязды күні өзенге шомылуға сақтықпен қарайды. Өйткені бұл оқиға адамның денсаулығына, тіпті өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Өкінішке орай, жыл сайын шомылу кезінде созылмалы аурулары бар адамдарда стенокардия, қан қысымының жоғарылауы, инфаркт және инсульт тіркеледі.

Суық суға шомылған кезде дененің вегетативті жүйесі күрт жоғарылады. Бұл кезде импульс баяулайды, бірден қан тамырларын тарылтатын заттардың бөлінуі пайда болады, бұл жүрек ырғағының бұзылуына (аритмия) әкелуі мүмкін, нәтижесінде жүрек қарыншаларының фибрилляциясы пайда болуы да мүмкін.

Мұзды судың әсеріне жауап ретінде тері тамырларының қатты спазмы қан массасының ішкі органдарға — жүрекке, өкпеге, миға, асқазанға, бауырға ағуына әкеледі және денсаулығында ауытқулар болса, ол өкінішпен аяқталуы мүмкін.

Қазір біз «сәнге» еріп, көңіл көтеру үшін немесе серіктестік үшін мұзды суға түсуге тырысатындардың көп екенін көріп жүрміз. Олар бір реттік процедура бұзылған режимді қалпына келтіріп, барлық зиянды әсерлерден арыламыз деп ойлайды. Бірақ ол олай емес.

Әрине, егер адам салауатты өмір салтын ұстанса, денені жүйелі түрде шынықтыратын болса (тұрақты бассейнге барса, суық сумен жуынса) және созылмалы аурулары, әсіресе жүрек және тыныс алу жүйесінде мәселе болмаса, онда суық суға шомылу денсаулыққа ешқандай зиян келтірмейді.

– Кімдерге мұзды шұңқырда түсуге қатаң тиым салынады?

– Біріншіден, созылмалы аурулары (қант диабеті), жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар: оның ішінде гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ырғақ бұзылған жағдайта шомылуға болмайды.

Екіншісі, тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдар: мысалы, астма, созылмалы бронхит.

Үшінші, терморегуляциясы бұзылған адамдар: оның ішінде гипотермияға немесе гипертермияға бейім адамдар.

Төртінші, жүкті әйелдер: Ағзаға және нәрестеге стресс туғызбау үшін олар экстремалды температурадан аулақ болу керек.

Сондай-ақ сіздің емдеуші дәрігеріңіз бойыңыздан анықтаған денсаулыққа қатысты басқа да мәселелер болса дәрігердің кеңесіне құлақ түріңіз.

– Суық суға шомылар алдында нені ескерген жөн?

– Ең алдымен дәрігермен кеңесу керек. Сосын суға түскеннен кейін тез жылыну үшін ыңғайлы киім киіңіз. Егер сіз бұрын өзен суына шомылып көрмен болсаңыз ең алдымен қысқа ванналардан бастағаныңыз дұрыс. Кейін суық суда тұру уақытты бірте-бірте арттырасыз.

Суға түсер алдында жылыну керек. Және белгіленген жерлерге ғана барыңыз. Егер қандай да бір ыңғайсыздықты сезінсеңіз, дереу судан шығыңыз.

Суға түскеннен кейін тез судан шығып, денені құрғатып, жылы киіну шарт. Аш жүзмеңіз, бірақ шомылу алдында артық тамақтанбаңыз, жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.

Ең бастысы мұзды шұңқырға түсер алдында қауіпсіздік ережелерімен танысу керек.

Азамат БЕРДІБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: жеке мұрағаттан
Өзгелердің жаңалығы