Алдағы үш күнде аяз күшейеді

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2019 жылғы 26-28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын көбінесе антициклондар анықтайтын болады, сол себепті республиканың басым аймағында түнде 30...38 градусқа дейін аяз күтіледі, ал күндіз 18...27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен. Ал, Орталық Азия арқылы циклон жылжыйтын болады. Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы