Бүгiн 2026, 04:27 Фото: magnific.com

Аяз, жаңбыр және тұман: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 14 мамырда дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында тұман, жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, аяз және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында Алакөл маңында солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жел соғады. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары.

Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі. Кей жерлерде найзағай мен аздаған жаңбыр болуы мүмкін. Қызылорда облысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай және тұман болжанған. ШҚО мен СҚО-да түнде аяз болуы мүмкін.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Бірқатар аудандарда 1–3 градусқа дейін аяз түседі.

Алматы облысының батысында және бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман мен екпінді жел болжанған.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.