Аяз, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

22 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ұлытау облысының шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Жезқазғанда Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Қарағандыда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 13-15 градус аязға дейн күрт төмендейді.

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылордада кей уақытта қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.

Талдықорғанда күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Солтүстіктен жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел солтүстік-батыстан соғады екпіні 15-20 м/с.

Семейде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Өскеменде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда қарлы қатқақ күтіледі.

Алматыда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ. Қонаев қ.: 22 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей уақытта екпніні 18-23 м/с.

Таразда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 11-13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Петропавлда бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының 25-27 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. 23 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін.

Қызылорда облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында, солтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендейді, 23 қаңтарда түнде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градус аязға дейін ары қарай төмендеуі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы