Аяз, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 29 қарашаға жасалған күн райы болжамын жарилады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен күн ашық, алайда аяз болады.

Атмосфералық ағындардың өтуімен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің жалдамдығы секундына 30 метрге жетеді кейде тіпті одан да жоғары болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы