Жұмыспен қамту аясында 165 мың жұмыс орны құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында шамамен 6,4 мың жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 165 мың жұмыс орны құрылды.

ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 762 жобаны іріктеп алды.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 729 жоба);

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 088 жоба);

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 926 жоба);

– елді мекендерді абаттандыру (1 019 жоба).

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кемінде жартысын Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

7 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлерде 6,4 мың жоба бойынша жұмыс басталды, 165 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 99,3 мың адам жұмысқа орналасты.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы