17 Қыркүйек 2026, 20:34 Фото: видеодан скриншот

Аялдаманың шынысын сындырған жасөспірім жауапқа тартылды

Астанада жасөспірім аялдама павильонының әйнегін сындырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бөгенбай батыр даңғылында полиция қызметкерлері аялдама павильонының әйнегін зақымдау фактісін тіркеді.

Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 17 жастағы жасөспірім болып шықты.

Анықталғандай, кешкі уақытта жасөспірім танысымен бірге аялдамада болған. Оқиға орнынан кетер кезде ол аялдама павильонының әйнегін аяғымен теуіп, нәтижесінде әйнек сынған. Осыдан кейін жасөспірім досымен бірге маршруттық автобусқа отырып, оқиға орнынан кеткен.

Аталған факті бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция өкілдері аялдама павильондарын және қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарын зақымдау құқық бұзушылық болып табылатынын және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. 

Мұндай әрекеттер назардан тыс қалмайды. Құқық бұзушылардың жеке басы тексеру іс-шаралары барысында, оның ішінде бейнебақылау камераларының жазбаларын пайдалану арқылы анықталады. Қалалық мүлікке ұқыпты қарап, қаланы абаттандыруға еңбегін сіңіріп жүрген азаматтардың еңбегін құрметтеуге шақырамыз, - деді құқық қорғаушылар. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада қаржы пирамидасына адам тартқан әйел 5 жылға сотталды

Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды