Аялдамада адамдарды соғып кеткен қызылордалық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада автобус аялдамасында тұрған адамдарды жапырып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды.

24.kz арнасының жазуына қарағанда,  21 қараша күні таңертең шетелдік көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған адамдарды соғып кеткен. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы екеуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген болатын.

Қайтыс болған адамдардың екеуі – №12 мектептің бесінші және үшінші сыныбында оқитын ағалы-қарындасты оқушылар екені анықталды. Одан бөлек 42 жастағы ер адам да қайтыс болды.

1988 жылғы қыз бен 2009 жылғы жасөспірім де түрлі дене жарақатымен Қызылорда медициналық орталығына жеткізілді, қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына кінәлі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол 20 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы