Аягөзде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

ТЖМ Аягөз ауданындағы жол төсемінің шайылуы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы жоқ. ПД қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы