Аягөзде құтқарушылар бес жасар қызды сүт таситын бөшкеден шығарып алды

Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген кішкентай қыз металл флягаға кіріп кетіп, қайта шыға алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бала алюминий флягаға ойнап жүріп кіріп кеткен. Ата-анасы дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады, – делінген ТЖМ-нің «112» Telegram-арнасында.

Мамандар гидравликалық құралдың көмегімен фляганың қабырғаларын кесіп, баланы абайлап шығарып алды. Қызға медициналық көмек қажет болмады.

Мамыр айында Оралда бір бала подстанцияға шығып, төртінші дәрежелі күйік алған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы