Аягөз ауданында «Еңбек» бағдарламасымен 100 адам мемлекеттік грант алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Аягөз ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін барлығы 291 млн теңге қаражат қарастырылған. Жоспарға сәйкес, 100 қатысушы мемлекеттік грант алып, бизнес идеяларды жүзеге асырмақ, деп хабарлады Altaynews.


Айта кетсек, бағдарламаның екінші бағытында бизнес идеяларды іске асыруға арналған жаңа механизм ретінде ақысыз негізде көпбалалы отбасыларға, жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беру қарастырылған.
Аягөз ауданында қазіргі таңда осы бағыт бойынша 396 адам өтініш білдіріп отыр. Есепті жылдың 1-ші тоқсанында мұндай грантқа 30 адам ие болды.

Оның ішінде:

-  көпбалалы отбасы - 18 (атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 17 адам)         
-  мүмкіндігі шектеулі жандар – 2,
-  29 жасқа дейінгі жастар - 2,
-  жұмыссыздар - 8.

Ал осы жылы мемлекеттік грантты 100 адам алады деп жоспарланған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы