Аягөздік әскерилер баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері баспаналы болды, деп хабарлайды "Хабар 24".
"Оңтүстік" қалашығында 60 отбасына тұрғын үйдің кілттері табысталды. Өткен ғасырдың 90-жылдары қаңырап бос қалған үйлер Қорғаныс министрлігінің күшімен толық күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді. Ауланың аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы және жаттығу құралдары бар спорт алаңы орнатылған. Қоныс тойын тойлағандардың бірі – көп балалы Жұмахметовтар отбасы. Бірнеше жыл баспана мәселесі мазалаған әскери қызметші енді қиындықтар артта қалғанын айтады. Қорғаныс министрлігі биыл 36 ғимарат пен құрылысқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алмақ. Оның ішінде 70 пәтерден тұратын тағы бір тұрғын үйді шілде айында іске қосу жоспарда бар.Баспаналы болғанымыз жұмысымызға, бәріне қолайлы. Жұмысқа жақын. Қызметімізді де алаңдамай атқарамыз. Спорт кешені бар, Оңтүстік қалашығында жаңа мектеп салынған, – дейді 10810 ӘБ байланыс ротасының бөлім командирі, Қадыр Жұмахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді шетелден келгендер екі күндік карантинге жатқызылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы