Аягөздегі жылу қазандығының құрылысы аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатқан «Солтүстік» жылу қазандығының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
Бұл жылу қазандығына қуаттылығы 1,5 Гкалл құрайтын жаңа 4 қазан орнату жоспарланған болатын,бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, облысы әкімі Д. Ахметовтің бастамасымен салынып жатқан көпбалалы отбасыларына арналған екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын аралап шықтым. Қаламыздың тазалық және абаттандыру жұмыстары да басты назарымда, - деп жазды аудан әкімі Сейілбек Ысқақов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 1,2 миллион теңге көлемінде жалған ақша анықталды
Өзгелердің жаңалығы