Аягөзде Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасы аясында, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Аягөз қаласы, Қабанбай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ғимаратына Ұлы Абайдың бейнесі салынды.
Муралда ақынымыздың «Adal júrip, Adal tur» деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырады.
Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екпені ең бірінші өзіміз салдырдық – медбике
Өзгелердің жаңалығы