«Аягөз су» мекемесі қыс маусымына дайын емес – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз ауданындағы «Аягөз су» мекемесінің техникасы қыс маусымына дайын емес боп шықты.

Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Аягөз су» мекемесінің теңгерімдегі техникалардың қыс маусымына дайындығын тексердім. Дайындық шаралары сын көтермейді, өте нашар, мекеме ғимараты мен ауласында тазалық жұмыстары жүргізілмеген, күл-қоқысқа толған. Мекеме басшысына ақаулықтарды жоюға уақыт бердім, - дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, әкім Ларшин көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын бақылап, жобаны іске асырып жатқан «Нұрлы жол» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Жұмыстар жобалық сметалық құжаттарға сәйкес жүргізілуін, сапалы болуын басты назарда ұстау керектігін ескерттім. Аталған талаптар орындалмаса жұмыстарды тоқтатуды тапсырдым, - деді Сейілбек Ысқақов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы