Көлік жүргізушілерге жағымды жаңалық: Мемлекеттік нөмір алу уақыты қысқартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда көлік құралдарына мемлекеттік нөмір алудың мерзімі қысқартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Еліміздегі тоғыз ірі облыс орталығы және республикалық маңызы бар үш қалада көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерін шығаратын жаңа машиналар орналастырылды. Оның төртеуі Нұр-Сұлтан мен Алматыда, екеуі Шымкент қаласында орнатылған.
Мемлекеттік көлік нөмірлерін жасау және жеткізу мерзімдері едәуір қысқарады. Сонымен қатар олардың өндірісі нақты қажеттілікке байланысты реттеледі. Мемлекеттік нөмірлердің көшірмесін жасау мерзімі үш есеге қысқартылды. Нақтырақ айтқанда 15-тен 5 жұмыс күніне дейін. Бұрын мемлекеттік көлік нөмірлерін шығаратын орталық Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болған еді. Ал қазір олардың саны көбейді. Осы күні 12 аймақта осындай 18 орталық бар,- дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде күніне 10 мыңға жуық автокөлік тіркеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы