Қазақстан Әнұраны авторының жұбайы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтың (1935-1983) жан-жары Нәсіп Мұстахқызы дүниеден озды. 

"Бүгінгі Әнұранның негізгі нұсқасын да Қарағандыда бастап жазған. Машинканың сары қағазына екі шумағын жазып, шабаданына салып қойған екен. 1955-1956 жылдары, өздерің жақсы білесіңдер тарихтан, солтүстіктегі және оңтүстіктегі облыстарды өзге республикаларға бөліп бермекші болды ғой, сонда көкірегінде сәулесі бар жастар осы мәселеге алаңдап жүрді. Жұмекен де соған күйзеліп, осы өлеңді жазған, сол шумақтар жазылған қағазды «Лениншіл жас» газетінің ішіне салып, шабаданның түбіне тастапты. Не үшін тықты? Өйткені ол кезде «Менің елім, менің Қазақстаным!» деп айтуға болмайтын еді. Міне, сол «Менің елім!» деген сөз осы Сарыарқада жазылды" - деген еді бір сұқбатында Нәсіп Мұстахқызы. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы