Автомобиль жолдары саласының халықаралық көрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен "Қазавтожол-Kaztraffic-2019" көрмесі биыл 16-рет өткізілмек.

Жыл сайынғы шара аясында келушілер жол құрылысы, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау саласындағы соңғы жетістіктермен танысады.

Экспозицияға дәстүрге сәйкес Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компаниясының ғылыми, техникалық зерттемелері мен өнімдері қойылады деп күтілуде.

Жол саласының мамандары тақырыптық сессияларда өзекті мәселелерді талқылайтын болады. Ал "Жол құрылысындағы инновациялық тәсілдемелер: перспективалар мен даму" конференциясы барысында жолдарды салу кезінде қолданылатын технологияларды зерттеу, жолдардың сапасы, жолдарды күтіп ұстау және жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелер қозғалмақ, - делінген хабарламада.
"Қазавтожол-Kaztraffic-2019" көрмесі 28-29 қарашада "Көрме" орталығында өтеді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы