Автоматтар, тапаншалар мен гранаталар: ҰҚК тәркіленген қаруды көрсетті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бірнеше өңірінде тәркіленген қару-жарақтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірге, сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді, оның ішінде «қаңтар» оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Нәтижесінде 42 қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл автомектептердің қызмет көлемі 14 пайызға артты
Өзгелердің жаңалығы