Автолизингтің несиеден айырмашылығы неде?
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бағдарламаның толық шарттары әзірге толық түсіндірілмегенімен, Үкіметте өткен брифингте Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев лизингтің әдеттегі несиеден қандай айырмашылығы бар екенін айтып берді.
Лизингтің несиеден басты айырмашылығы – автокөлік толық төленгенше лизингтік компанияның меншігінде қала береді. Яғни, лизинг алушы көлікті пайдаланады, бірақ құжат бойынша иесі лизинг беруші болып саналады. Бұдан бөлек, лизинг рәсімдеу кезінде несие тарихының әсері кәдімгі несиеге қарағанда әлдеқайда төмен. Сондай-ақ лизингтің тағы бір артықшылығы бар: қажет болған жағдайда лизингке алынған кез келген автокөлікті лизингтік компанияға қайта өткізуге болады. Бұл бұрын несие алу кезінде түрлі шектеулерге тап болған азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы тетік, - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді қазақстандықтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылатынын мәлімдеді.
Кімге лизинг автонесиеден тиімді болуы мүмкін? Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалынан толық оқи аласыздар.