Автокөлікті өрттен қалай қорғау керек

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне көліктерін өрттен қалай қорғау қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Министрлік автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салады:

  • техникалық байқаудан уақытында өткізу;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
  • әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы