Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.
Министрлік 16-22 тамыз аралығында елде «Автокөлік» деген атаумен кең ауқымды жұмыс ұйымдастырды, оған 5 мыңнан аса полиция қызметкері жұмылдырылды. Олардың күшімен іс-шара аясында 118 автокөлік ұрланғаны (ұрлық - 25, айдап әкету - 93) ашылды, - деді ол.Қанат Нұрмағамбетов атағандай, іс-шара кезінде 433 пост қойылды, сонымен қатар көрші мемлекеттермен шекаралас аудандарда да орналастырылды.
6 мыңнан астам қызмет көрсету станциялары, жеке автокөлік жөндеу, гараж кооперативтері және автотұрақтар тексерілді. Нәтижесінде 61 ұрланған автокөлік анықталды.
Автокөлік бөлшектерін өткізу орындарының 3 мың пункті (АВТО базарлар, дүкендер) тексерілді, нәтижесінде ұрланған 38 автобөлшектер тәркіленді. Ішкі сауда ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 204-1-бабы бойынша 305 әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-шара аясында 143 автокөлік ұрлаушы, оның ішінде 8 қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп толықтырды Нұрмағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Университет ұжымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы