Елорда полициясы автокөлік ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 25 жастағы тұрғынының айтуынша, оны қаражаттың жоқтығы қылмысқа итермелеген. Күдікті көлік есігінің тұтқасын тарту арқылы, ашық тұрған көліктерді іздеген, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бейнебақылау камераларына жас жігіттің «Лада-2114» автокөлік салонына жасырын кірігені жазылып қалған. Ол автокөлікке ашық тұрған жүк салғышы арқылы кіріп, ақша ұрлаған. Күдікті қол шамының жарығымен автокөліктің салонын мұқият тінтіп, қобдишадан 150 мың теңгені жымқырған.

Күдіктінің ізі бейнебақылау камералары арқылы қадағаланып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрысы ұсталған. Белгілі болғандай күдікті ұрланған ақшаны жаратып үлгерген. Аталған факті бойынша ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

11-17 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Автомобиль» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара ұрлық бойынша «Ізін суытпай» қылмыстарды ашу, автокөлік ұрлығымен айдап әкетудің алдын алу және осыған қатысты іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілуде.

«Автомобиль» профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері автокөлік салондарынан 9 ұрлық, 5 айдап әкету және 1 автокөлік ұрлығы ашылған.

Осылайша, полиция қызметкерлері 1 тәуліктің ішінде 2 автокөлікті айдап әкетушіні ұстаған. Осы жылдың мамыр айында ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұстаған. Ол түнгі уақытта өндіріс көшесіндегі үйдің ауласынан «Газель» маркалы автокөлікті айдап кеткен. Қазір автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көлік құралдарының иелеріне ұрлық пен айдап әкетуді болдырмау үшін автокөлікті қараусыз қалдырмауға және қажетті айдап кетуге қарсы құралдармен жабдықтауды ұсынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы