Автокөлік алаяқтары 115 адамды 1,6 миллиард теңгеге алдап кеткен
Астанада полицейлер 115 адамға қатысты алаяқтық жасаған үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ұсталғандар астаналықтар мен басқа облыстардың тұрғындарына автокөлік несиесін берген. Сонымен қатар, олар Ресейге кепілге қойған көліктерін иелерінің де, банктердің де келісімінсіз сатқан.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 млрд теңгені құрады. Елордалық полиция департаменті тергеу үшін маңызды болуы мүмкін ақпараты бар азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.
Ақпан айында Астанада жалған автокөлік несиесін беріп, азаматтарды алдап, ақша алған екінші күдікті ұсталды. Тергеушілердің мәліметінше, 2021-2022 жылдары қаскөйлер 231 адамды 2,9 миллиард теңгеге алдап үлгерген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Олимпиада лицензиясына таласатын боксшылар анықталды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы