АвтоХҚКО-лардағы ақау жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы бойынша автоХҚКО-дағы техникалық ақау жойылды.

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет МК баспасөз қызметі хабарлады.

Техникалық ақауға байланысты 29 қыркүйекте автоХҚКО-да жүргізуші куәлігін алғаш рәсімдеушілер және қосымша санат алушылар үшін мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болды. Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсыра алмады. Қазірде ақау жойылып, жүргізуші куәлігін алу қызметі қалпына келтірілді, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда техникалық ақау пайда болып, бірқатар қызмет көрсетілмей жатқаны хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы