Автогаз бағасы жыл бойына көтеріліп отырады

Энергетика министрлігі тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда бір күнтізбелік жыл ішінде республика бойынша орташа арифметикалық мәнде жиырма пайыздан астам ұлғайтуды көздей алмайды.

Бұған дейін тауарлық газдың көтерме бағасын жыл сайын 15%-дан асырмай көтеру қажеттілігі бекітілген болатын.

Түсіндірілгендей, Президент жанындағы Энергетика кеңесінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы отырысының хаттамасына сәйкес, бір жыл ішінде тауарлық газдың көтерме бағасының өсуіне 20 пайыздық лимит белгілеу туралы шешім қабылданған болатын.

Ресурстық базаның шектелуіне, тұтынушылардан тауарлық газға сұраныстың артуына, сондай-ақ елді белсенді газдандыруға байланысты және жаңа ірі тұтынушылардың енгізілуін ескере отырып, 2026 жылға қарай ішкі нарықта газды сатудың залалсыздығына қол жеткізу қажет, - делінген түсіндірме жазбада.

Тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары белгіленеді және автогаз құю станциялары және сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бөлінісінде, сондай-ақ облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан алыс орналасқан аудандар (200 км) үшін қосылған қүн салығын ескере отырып, қолданылады.

Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін НҚА сайтында орналастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәди Искаков - архив
Өзгелердің жаңалығы