Автобустан монша жасаған азамат

Арқалық тұрғыны қарапайым автобустан монша жасап оны кәсіп көзіне айналдырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Ержан Құдабаев – көпбалалы әке. Мамандығы – механизатор. Ол 2 жылға жуық уақытын жұмсап, осы моншаны жасақтап шықты. Бұл үшін мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңгеге грант алған.

Монша кез-келген жерге өзі барады. Ішіне 4 адам емін-еркін сыяды. Ішін жабдықтау үшін материалдарды Қостанайдан әкеліп, бәрін ашып, қайта қаптадым. Жалпы автобусты қайта жабдықтау үшін 3,5 млн теңгейде қаражат кетті. Терезесі бар, пары жақсы, светі мен септигі де бар. Монша далада қанша суық болса да жылылығын сақтап тұрады,- дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ ендігі мақсаты жылжымалы үйді құрастыру екенін де жасырмады.

Ескеретіні, монша шалғайдағы ауылдарға да, аңшыларға да, табиғат аясындағыларға да барып қызмет ете береді. Сәйкесінше оған қызығушылық танытып жатқандардың көп екенін айтады.

Ал әлеуметтік желідегілер Кеңес үкіметінің кезінде осындай автобус-моншалардың халыққа қызмет көрсеткенін жазуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kostanaytany.kz
Өзгелердің жаңалығы