6 Тамыз 2020 2020, 11:01
Автобустағы "ақылды" камералар карантин режимін бұзғандарды анықтайды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда автобустардағы әлеуметтік қашықтықты арнайы камералардың көмегімен анықтайтын болды.
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда автобустардағы әлеуметтік қашықтықты арнайы камералардың көмегімен анықтайтын болды.
Бұл қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба. "Ақылды" камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады, - деп жазды Сағынтаев instagram-дағы парақшасына.Әкімдік бұған дейін автобустардағы маска тағу режимін бақылайтын пилотты жобаны іске қосатындарын хабарлаған еді.