Сәтбаевта апатқа түскен автобуста 35 шахта қызметкері болған

Астана, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.  Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 16 ақпанында сағат 09.00 шамасында Сәтбаев қаласынан 3 шақырым жерде орналасқан №57 шахта бағытында  «Тайота Лэнд Крузер 100» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып, 52 жастағы азаматтың басқаруындағы «НЕФАЗ» жұмысшылар тасмалдайтын автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «НЕФАЗ» автокөлігінің 42 жастағы жолаушысы әртүрлі денежарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 35 шахта жұмыскерлері болған.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы