"Автобуспен жүрмеймін". Әкім жолақының неге қымбаттайтынын түсіндірді
Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданында өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиында БАҚ өкілі "Астанада автобустар кешігіп жатыр. Бұл халықтың ашуына тиюде. Неге жолақысы қымбаттайын деп жатыр?" деп әкімге сұрақ қойды.
Мен қалада қоғамдық көлікпен жүрмеймін. Себебі, жұмыс көп. Бірақ аптасына бірнеше рет қызметтік автобусқа басқарма басшыларымен яғни 15-20 әріптесіммен отырып, қаланы үнемі аралаймыз. Журналистерді де шақыра аламыз. Бүгінгі таңда жолақы – 90 теңге. Бұл тариф 2014 жылы бекітілген. Бүгінде 10 жыл өтті ғой... Осы уақытта бензин мен газдың бағасы, жүргізушілердің жалақысы да өсті. 14 жыл бұрын жүргізушілердің жалақысы қанша болғанын білесіз бе? Қазір олардың жалақысы – 500-600 мың теңге. Бізде жүргізушілер жетіспей жатыр. Осы жалақыға кәсіби жүргізушілерді толық көлемде жұмысқа ала алмай отырмыз. Жарты жылда жергілікті бюджет есебінен жүргізушілердің жалақысын көтеріп, біз жағдайды түбегейлі өзгерттік. Жүргізушілердің жетіспеушілігін айтарлықтай азайттық, - дейді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетсек, бұған дейін елордада қоғамдық көліктің бағасы қымбаттайтынын туралы ақпарат тараған еді.