Автобус пен пойыз соқтығысты: 10 адам қаза тауып, 40-тан астамы жарақаттанды
Мексикада автобус пен пойыз соқтығысуынан 10 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақаттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Синьхуа-ға сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні Мексиканың орталығында екі қабатты жолаушылар автобусы мен жүк пойызы соқтығысып, салдарынан 10 адам қаза тауып, 40-тан астамы жарақат алған.
Баспасөз мәліметтері бойынша, апат Атлакомулько-Мараватио федералдық тас жолында, Мехико штатындағы Атлакомулько муниципалитетінде болған.
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Апат орнына шұғыл көмек қызметінің қызметкерлері келген, деп жазады басылым.
Canadian Pacific Kansas City of Mexico теміржол компаниясы апат фактісі расталғаннан кейін, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Еске салайық, бұған дейін Бразилияда джип көлігі парад кезінде жүргіншілерге соғылып, бірнеше адам жарақаттанғаны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір палаталы Парламенттен не күтеміз? – сарапшы жауап берді
Өзгелердің жаңалығы