Автобус апатынан 15 адам зардап шекті – Астана

Астанада бағанаға соғылған автобустағы бірнеше жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№ 70 автобустың бағананы соғуы салдарынан 15 адам зардап шекті, оның ішінде жүргізуші де бар. Жүргізуші автобуста қысылып қалған және өздігінен шыға алмаған, оны құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен құтқарды. Апат болған жерге жедел жәрдем бригадасы барды. Зардап шеккен жандар № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер жоқ, - деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алғаны туралы хабарлаған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы