Автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта еліміз бойынша қалалық автобус бағыттарында шамамен 10,5 мыңдай автобус жүр.
Олардың 43%, яғни 4,5 мыңдай автобустың шығарылған жылы 7 жылдан асып кеткен.
Өңірлерде автобус парктерін жаңаруды қолдау мақсатында 2018-2019 жылдары жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 33,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа өңірлерде Қазақстанда өндірілген 693 автобус сатып алынды – делінген ИИДМ таратқан ақпаратта.
Ал биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге қаражат бөлу мақұлданды. Оған өңірлер 1370 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Бұл шаралар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және отандық зауыт өндірушілерді қолдауға бағытталған – делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатта қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесі қаралды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы