Австриялық депутат сайлауға баға берді
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы делегациясының жетекшісі Рейнхольд Лопатка Қазақстанда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен бірнеше жылдан бері Австрия парламентінің депутатымын. Сайлауға бақылаушы ретінде қатысу — үлкен мәртебе. Біз 77 парламентарийдің ішінен шақырылдық. ЕҚЫҰ тарапынан да сайлауда бізді өте жылы қарсы алды, - деп атап өтті австриялық депутат.
Айтуынша, ол елордада сайлау учаскелерінде бақылаушы болған.
Астанада сайлау учаскелері ашылғаннан бастап бақыладық. Әлбетте сайлауға қатысушылар арасында бәсекелестік үлес артқан. Дегенмен әкімшілік кедергілер бар. Мәселен, 1 млн 250 мың теңге қатысушы жарнасын төлеу үлкен қаражат. Кандидаттардың жартысы бірмандатты округтен алынып тасталып, қайта қалпына келтірілгенімен, оларға әділетсіздік жасалды деп ойлаймын. Бақылаушыларға ресми аккредитацияны енгізу — жақсы қадам. Бірақ сайлау күні кейбір бақылаушыларға жұмыс істеуге рұқсат етілмеді. Алматыда іс жүзінде учаскеге келіп дауыс бергендер төмен. Бұл құжатқа сәйкес емес деп айтар едім. Сәйкессіздіктерге назар аударылады. Бюллетеньді жәшікке салғандар мен тіркелгендердің санының сәйкессіздігі кездесті, - деді делегация жетекшісі.
Сонымен қатар ол елімізге келесі жолы бақылаушы ретінде келсе, не істейтінін айтты.
Мен сондай-ақ келесі жолы Қазақстандағы сайлауды бақылайтын болсам, әрбір сайлау учаскесі бойынша нәтижелер жұртшылықтың ашықтығы мен сенімін арттыру үшін жарияланады деп үміттенемін, - деді Райнхольд Лопатка.