Австрияда қайта карантин енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияда коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты қайта қатаң карантин енгізіледі, деп жазды «Хабар 24».
Бұл туралы осы елдің канцлері Себастьян Курц мәлімдеді. Шектеу шарасы келесі аптаның сейсенбісінен бастап желтоқсанның алтысына дейін жалғасады. Жаңа тәртіпке сай елдегі барлық мектептер қашықтан оқуға көшіп, балабақшалар жабылады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа сауда орындары жұмыстарын тоқтатады. Дәмханалар мен барлар тағамды тек жеткізіп беру бойынша қызмет көрсетеді. Ал тұрғындар үйлерінен тек жұмысқа бару, туыстарына көмектесу және таза ауада серуендеу үшін ғана шыға алады.
Егер біз шектеу шараларын қазір қатаңдатпасақ, науқастар саны артып, ауруханаларға ауыртпалық түседі. Сондықтан мен тұрғындардан алдағы 1 айда оқшаулануды сұраймын. Себебі әрбір кездесуден дертті жұқтыру қауіпі жоғары, - деді Австрия канцлері Себастьян Курц.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хромтауда үй өртеніп, 9 адам ауруханаға жеткізілді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы