Бүгiн 2026, 16:51 Фото: oxu.az

Австрияда балалар тағамын улаған күдікті ұсталды

Күдікті өндірушіні бопсалауға әрекеттенгеннен кейін қолға түскен.

Зальцбург федералдық жерінде полиция 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол HiPP балалар тағамын өндірушіні бопсалауға әрекет жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды BAQ.KZ oxu.az-қа сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, ол дүкендерден өнім сатып алып, банкаларға егеуқұйрыққа арналған у қосып, кейін оларды Австрия, Чехия және Словакиядағы супермаркет сөрелеріне қайта қойған. Осыдан кейін қаскөй компаниядан криптовалюта түрінде екі миллион еуро көлемінде ақша талап еткен.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бір айдан астам уақыт бойы бұл жағдай ата-аналар арасында үлкен алаңдаушылық туғызған. Қазіргі таңда уланған алты банканың бесеуі анықталған. Тергеу жалғасып жатыр, күдікті тергеушілерге жауап беруде.