Австрияда әлемдегі ең биік аққала жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияның Ризнералым курортында әлемдегі ең үлкен аққала жасалды. Оның биіктігі – 38,4 метр. 

Биік аққала Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Австриялықтар үлкен аққаланы тұрғызуды өткен жылдың желтоқсанында бастаған. Оған арнайы демеушілер ақша бөлген. Аққаланы тұрғызуға 60 мың евродан астам қаржы жұмсалған, жалпы 800 тонна қар кеткен. Пирамида тәріздес аққаланың жоғарғы жағы үшкірленіп, басы алтыметрлік цилиндр тәріздес қармен безендірілген.

Мүсіншілер аққаланың атын "Ризи" деп қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы