Австрия Украинаға AstraZeneca-ның 500 мың дозасын сыйға тартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия Украинаға қайырымдылық мақсатта коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының 500 мың дозасын жіберу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы achrichten.at порталы хабарлады.

Вакцинаның алғашқы 250 мың дозасы Украинаға дүйсенбі күні жеткізіледі. 

Ал коронавирусқа қарсы препарат партиясының екінші жартысы күзде әкелінеді деп жоспарланып отыр.

Австрия Еуропаға жақын орналасқан адамдар вакцинацияланбаған жағдайда пандемиямен күресте нүкте қоя алмайды, - деді елдің сыртқы істер министрі Александр Шалленберг.  

Еске салсақ, 21 тамызда Меркель Украинаға коронавирусқа қарсы вакцинаның 1,5 млн дозасын тапсырған болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы