Австрия Қазақстанмен ынтымақтастығын ұлғайтуға дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия Орталық Азиядағы сенімді серіктес ретінде Қазақстанмен ынтымақтастығын ұлғайтуға дайын.
Біздің ел бұл мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігіне зор үлес қосып келеді. Яғни Австрия мұнайдың 40 пайызын Қазақстаннан импорттайды.
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз барысында Австрия канцлері Карл Нехаммер мәлімдеді. Тараптар жоғары деңгейде саяси диалогты, сауда-эконмикалық пен инвестициялық ынтымақтастықты және көлік-логистика саласында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға келісті.
Айта кетерлігі, Австрия Қазақстанның Еуроодақтағы ең маңызды сауда серіктестерінің бірі. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 163 миллион доллардан асқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ИИДМ вице-министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы